Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Басқарма Төрағасы - Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының қатысуымен ректорат отырысы өтті.
Жалпы баяндамамен әр түрлі салаларда жоғары білікті инженерлерді даярлау жөніндегі жетекші бөлімшелердің бірі - ШҚТУ халықаралық Инженерия мектебінің өкілдері сөз сөйледі.
Машина жасау саласындағы құзыреттер орталығының басшысы Иванов Павел Петрович өз баяндамасында бөлімше қызметінің бағыттары, оқытылатын білім беру пәндері және зертханалардың қызметі туралы айтты. Сондай-ақ, "Машина жасау бұйымдарының сапасын бақылау" зертханасын құру және курстар ашу үшін оқу орталығын құру туралы болашақ жоспарларымен бөлісті.
"Лу Бань" шеберханасының басшысы Мейірашев Анасыр Қанатбекұлы шеберхананың қызметі мен құрылымы, сертификатталған құрамы және өз бөлімшесінің болжамды даму жоспарлары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, ректоратта халықаралық Инженерия мектебінің химия зертханаларының жай-күйі мен даму перспективалары туралы; Физика Орталығы зертханаларының қызметі, білім беру қызметіндегі зерттеу міндеттері, пәнаралық, іргелі және қолданбалы зерттеулер туралы баяндамалар тыңдалды.
Университеттің барлық декандары ректоратқа QS университеттерінің әлемдік рейтингінде (әлемдегі ең беделді үш университет рейтингінің бірі) ШҚТУ-ды ілгерілету бағытында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ, "САТиМ" ғылыми-өндірістік орталығы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" халықаралық аккредиттеу аттестатын алды (бес жылға беріледі).
Ректорат соңында Сәуле Жәдігерқызы сөз сөйледі:
"Құрметті әріптестер, директорлар Кеңесінің шешімімен Нұрбек Пажарбекұлы Сапарходжаев бірінші проректор, ал Ертай Сұлтанұлы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор болып тағайындалғанын қуана хабарлағым келеді. Әріптестерімді құттықтаймын!»