Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызының қатысуымен ректораттың кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс салтанатты бөлімнен басталды - ерекше көзге түскен студенттер мен қызметкерлерді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Министрдің атынан 1 курс студенті Диас Исабай мен ШҚТУ Медиа орталығының SMM маманы Адылбаева Айзада "Лу Бан шеберханасын"дайындау және ашу жөніндегі іс-шаралар кешені кезінде атқарған жұмыстары үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, Министрдің Құрмет грамоталарымен ШҚТУ бас бухгалтері Наталья Викторовна және ШҚТУ Медиа орталығының басшысы Касымова Қарлығаш Қанатқызы марапатталды.
Сондай-ақ, ректоратта Enaktus ektu қозғалысының студент-өкілдері сөз сөйледі. Олар бір жыл ішінде атқарылған жобалар туралы айтып, экологиялық мәдениет жөніндегі жобаларды ерекше атап өтті. Сонымен қатар студенттер "EKTU елшілері" жобасын таныстырды.
Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы Рахымбердина Маржан, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің орталықтарының жетекшілері баяндама жасады.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты жақсарту және келесі жылға арналған стратегияларды әзірлеу мәселелерін талқылады.
.