Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бітіруші түлектеріне арналған салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл үздік техникалық жоғарғы оқу орнын 1220 студент бітіріп отыр. Оның ішінде 1059 бакалавр, олардың арасында 57-сі «Үздік диплом» иегері. 143 түлек магистр дәрежесіне ие болса, 18-і доктарант атанып отыр.

Шараға облыс және қала әкімшілігі өкілдері, университет серіктестері, ірі компаниялар мен өндіріс өкілдері, декандар мен білім беру бағдарламаларының басшылары, түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Салтанатты жиынды Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина ашып, түлектерге сәт-сапар тілеп, ізгі ниетін білдірді.

- Бұл атаулы күн сіздердің өмірлеріңіздің бір кезеңінің аяқталып, мүмкіндіктер мен жаңа жетістіктерге толы үлкен жолдың басталуын білдіреді. Университет қабырғасынан алған білімдеріңізді пайдаланып, білікті, табысты маман иелері болуларыңызға тілектеспін. Сіздер болашақта университет мәртебесін әлемнің кез келген жерінде лайықты деңгейде көрсетіп жүретіндеріңізге сенімдімін. Сіздердей түлектерді мақтан тұтамыз!, - деді ректор.

Студенттік шақ әр адамның өміріндегі ең қызықты, жарқын кездердің бірі екені айқын. Әр бітіруші түлектің университет жетістіктеріне қосқан үлесі зор. Ғылыми жобалар, спорт, волонтерлік қызмет, шығармашылық пен оқуды ұштастыра білген әр студент алдағы өмірлерінде биік мақсаттарға қол жеткізіп, талай жетістіктерді еңсеретіні анық.

  Барлык фото