Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Басқарма төрағасы-Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының төрағалығымен Басқарма отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде мынадай мәселелер болды: Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, университет сайтын жаңарту, "2023-2029 ж. ж. стратегиялық даму бағдарламасының" және "Даму жоспарының" 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы индикаторлары мен KPI орындалуы туралы, "Болашақ" халықаралық стипендиясы және "500-ғалым" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту туралы есеп, сондай-ақ университеттің цифрлық жетілу стандартының негізгі блоктары және ШҚТУ цифрландыруды талдау.
2024-2025 оқу жылына білім алушылар контингентін қалыптастыру бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы Басқарма мүшесі-бірінші Проректор Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы баяндады. Ол шетелдік студенттерді тарту, оқушылармен жұмыс, басқа өңірлерде ШҚТУ жарнамасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, білім беру бағдарламаларын ілгерілету туралы айтып берді. Сондай-ақ, бірінші Проректор "2023-2029 ж.ж. стратегиялық даму бағдарламасының" және "Даму жоспарының" 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштері мен KPI-дың орындалуы туралы баяндады.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы және "500-ғалым" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту туралы есепті Халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының м.а. Еркебаева Айнұр Қайрғазықызы ұсынды. Ол Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдарының "Болашақ" бағдарламасына қатысуы туралы және 2024 жылы қабылданған жаңашылдықтар, 2025-ші оқу жылына өтінім беру және үміткерлерді дайындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығының басшысы Қасымова Қарлығаш Қанатқызы сайттың ребрендингі мен жаңаруы туралы айтып берді. Ол ШҚТУ брендін ілгерілетудегі университеттің сайты мен әлеуметтік желілерінің маңыздылығын атап өтті, сайттағы өзгерістер мен жақсартулар туралы және университеттің бөлімшелері мен Мектептерімен сайттағы ақпаратты толтыру және өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.
Ақпараттық технологиялар департаментінің цифрлық офицері Денисова Наталья Федоровна университеттің цифрлық жетілу стандартының негізгі блоктары және ШҚТУ-дағы цифрландыруды талдау туралы айтып берді. Ол ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылға арналған цифрландыру жөніндегі міндеттері және жоғары білім беруді цифрландыру стандарттары туралы айтты. Ол университеттердің цифрлық жетілу деңгейінің негізгі блоктары бойынша жүргізілген талдау және ШҚТУ-дың цифрлық жетілуінің 4 деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын жұмыстар легі туралы айтты.
Сондай-ақ, Мектеп декандары инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.