12 ақпанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың басқарма төрағасы - ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының төрағалығымен Басқарма отырысы өтті. Күн тәртібінде BIM - жобалау саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансферті Орталығының қызметі мен даму жоспарлары туралы айтылды.
Орталықтың қызметі туралы оның жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, ЖТҒМ профессоры Хапин Александр Владимирович баяндады. Ол Орталықтың бөлімшелері - "BIM-жобалау технологиясы" зертханасы, "Құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігі" зертханасы, "Востокадемпроект" жобалау бюросы және "Инжиринг" студенттік конструкторлық-технологиялық бюросы туралы айтып берді. Сондай-ақ, орталықтың және оның қызметкерлерінің рұқсат беру құжаттамасы-аккредиттеу туралы куәлік, лицензия, өнеркәсіптік қауіпсіздік аттестаты, сарапшылар аттестаты және Орталық қызметкерлерінің оқу жүктемесін орындауы, оның ішінде өндірістік, зерттеу және педагогикалық құқықтары туралы айтты.