Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда қабылдау қорытындылары шығарылып, стратегиялық дамудың маңызды мәселелері талқыланып, алдағы жылға міндеттер қойылды. Кездесудің басты тақырыбы бірінші курсқа қабылдау нәтижелері және 2025 жылға арналған мақсаттар мен міндеттерді белгілеу болды.
Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асия Машекенова бакалавриат, магистратура және докторантураға жаңа оқу жылына қабылдау нәтижелері туралы баяндама жасады. Ол қабылдауға қатысты жаңа нормативтік актілер мен құжаттарға байланысты өзгерістерге тоқталып, ағымдағы қабылдау процесіне әсер ететін негізгі үрдістерді атап өтті. Сондай-ақ, университеттің әр мектебі бойынша қабылдаудың кеңейтілген талдауын ұсынып, декандар мен білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне қойылған міндеттерге назар аударды.
Отырыста сондай-ақ профильді магистратураға қосымша студенттерді қабылдау және профильді техникалық докторантураға кандидаттарды даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Университеттің білім беру нарығындағы орнын нығайту мақсатында қатысушыларға талапкерлерді тартуға бағытталған ақпараттық және үгіт-насихат жұмыстарын күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, университеттің Ғылыми кеңесінде басқа да мәселелер қаралды: PhD докторы Матайбаева Индираға «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағын беру ұсынысын енгізу; ШҚТУ-дың Академиялық саясатына өзгерістер енгізу және оны бекіту; ШҚТУ-дың Академиялық кеңесі туралы ережені бекіту; 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы кезінде бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беру бағдарламалары бойынша емтихан өткізу нысандарын бекіту; ғылыми жетекшілер мен магистрлік диссертация тақырыптарын бекіту; 2024-2025 оқу жылына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан комиссиясының жеке құрамын бекіту; ПОҚ оқу құралдарын бекіту; ШҚТУ-дың диссертациялық кеңесі туралы ережені бекіту; «8D071 - Инженерия және инженерлік іс», «8D07102 - Машина жасау», «8D094 - Ақпараттық технологиялар», «8D06101 - Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес құрамдарын бекіту; докторлық диссертациялардың тақырыптарын бекіту және докторанттарға ғылыми кеңесшілерді тағайындау; докторант Айгерім Исмухамедованың диссертациялық зерттеуінің ғылыми негіздемесін бекіту; монографияларды жариялауға ұсыныстарды тыңдау; серіктес кәсіпорындардан студенттерге берілетін оқу жеңілдіктерін қарастыру.
Университеттің Ғылыми кеңесі отырысы ШҚТУ-дың білім беру процесін үздіксіз жетілдіру және аймақтағы университет позициясын нығайтуға ұмтылысын растады.