ШҚТУ - да "Пайдалы демалыс" курстары жалғасуда - бүгін Өскемен және Риддер қалаларының, сондай-ақ Күршім, Алтай, Ұлан, Тарбағатай, Глубокое аудандарының және Абай облысы Жарма ауданының орта мектептерінің 11-сынып оқушылары математика, физика және информатика пәндерінен тегін курстардан өтті. Желілік инженерлік мектеп оқытушылары дайындағын авторлық оқыту курстары оқушыларға болашақта - оқуда да, ҰБТ тапсыру кезінде де көмектеседі.
Сондай-ақ, оқушылар үшін болашақ мамандықты таңдауға көмектесетін кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді: оқытушылар ШҚТУ мамандықтары, университет ғалымдары немен айналысатыны және қазақстандық ғылыммен қалай айналысуға болатыны туралы айтып берді. Іс-шара соңында болашақ талапкерлер университеттің ғылыми орталықтарымен, зертханалармен танысып, "Алтын Алтай" мұражайымен танысты.