2024 жылғы 04 сәуірде «Д.Серікбаев атындығы ШҚТУ» КЕАҚ қабырғасында облыстық құрылымдардың өкілдері Өскемен қаласының әкімдігі, білім басқармасы, ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, Жастар ресурстық орталығы және өңірлік жоғары оқу орындарының өкілдері «С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ, «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» Басқарма мүшесі академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.Х.Машекенова, ШҚТУ мансап орталығының маманы және Серпін бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4 курстың студенті Вялов Олег.
Кездесу күн тәртібінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды. 2024 жылы осы бағдарламамен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де 7 адам, С.Аманжолов атындағы ШҚТУ-де 30 адам оқуды аяқтайды.
Қарастырылып отырған мәселе бойынша сұрақтар туындады:
- түлектердің алған біліктілігі бойынша жұмыс тәжірибесінсіз жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ;
- тұрғын үй жалға алудың немесе арендаға алудың құнын жоғары;
- түлектердің аз бөлігі аудандарға жұмысқа барғысы келмейді.
Отырыс бойынша келесі шешім қабылданды: «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтайтын түлектерді дербес түрде жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу, осы санаттағы түлектерге әкімдік және барлық мүдделі облыстық құрылымдар тараптарынан барынша қолдау көрсету, жоғары оқу орындарына кәсіпорындардан бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақытылы ЖОО ұсыну.