Д.Серікбаев атындағы Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Евгений Варавин жасыл қаржыландыру мен ESG-инвестицияларды дамытудың шетелдік тәжірибесін зерттеу негізінде Қазақстандағы инвестицияларды қаржылық қолдаудың тиімді экожүйесін қалыптастыру үшін ұсынымдар әзірледі.

Профессордың айтуынша, ғылыми жұмыс экожобаларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз қаржатты тарту мәселесін шешеді. Себебі жасыл қаржыландыру экожүйесі әртүрлі мақсатты аудиторияның мүдделерін реттеу мен әртүрлі бағыттарды біріктіреді. Бірыңғай тәсілдерді, даму критерийлерін, сондай-ақ процестердің тиімділігін өлшеу құралдарын әзірлеуді және таратуды қамтамасыз ететін жалпы әдіснамалық сүйемелдеуді қажет етеді.

Сонымен қатар, зерттеуді кешенді пайдалану жалпы Қаржы нарығын және «Жасыл қаржыландыру» жүйесін дамытуға серпін береді. Экономикалық өсудің драйвері болады. Болашақта ғалым экологиялық жобаларды жүзеге асыру және өнеркәсіптік өндірісті «көгалдандыруды» әртараптандыру үшін қаржы ресурстарын жинақтау мүмкіндігін кеңейтуді болжайды.