Үздіксіз білім алу - қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндік болып табылады. Бұл жоба зейнет жасындағы аға буын өкілдеріне қосымша білім алуына, заманауи дағдыларды игеруге мүмкіндік туғызады.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қарт адамдарға арналған және өмір бойы оқытуды қолдауға бағытталған "Күміс университет" жобасы іске асырылуда. Бұл жоба егде жастағы адамдарға жасына қарамастан оқуды және дамуды жалғастыру үшін арнайы әзірленген бағдарламаларды ұсынады.

Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл дегеніміз, мемлекет өмір бойы оқытудың маңыздылығын мойындайды және оның дамуына жағдай жасауға тырысады.

"Өмір бойы оқыту қазақстандықтар үшін көптеген артықшылықтарға ие. Бұл адамдарға еңбек нарығының өзгеретін талаптарына бейімделуге көмектеседі, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар, бұл жеке тұлғаның дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал етеді, бұл адамдарға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. "Күміс университет" жобасы зейнеткерлерге тілдік, қаржылық білімдерін, электрондық портал сервистерімен жұмыс істеу дағдыларын, Damumed, Telegram, Facebook және басқа да платформаларда чат-боттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - дейді басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Машекенова.

Оқытудағы әртүрліліктің арқасында кез-келген адам "Күміс университетте" өзіне ұнайтын курсты таңдай алады. Тыңдаушы оқу үшін бірнеше курстарға қатыса алады. Сәтті аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тиісті бағыт бойынша оқудан өткені туралы сертификат беріледі.

Қазіргі уақытта жобаға Өскемен қаласының ардагерлері мен зейнеткерлері қатысуда.

  Барлық фото