Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) Foundation тындаушыларымен маңызды кездесу өтті. Бұл шараның басты мақсаты - студенттер мен тыңдаушыларды өңірдегі мемлекеттік органдардың өкілдерімен таныстыру, сондай-ақ жастарды әлеуметттік және қоғамдық даму мәселелеріне қатысты ақпараттандыру болды.

Президиум мүшелері Аскерхан Ақтай - Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, Отандастар қоры ШҚО филиалының бас сарапшысы және Еркебұлан Сайлаубекұлы - ШҚО қоғамдық даму басқармасының жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы іс шарада бой көрсетті.

Бұл кездесу университеттің Foundation бағдарламасы аясындағы 60 тыңдаушы мен оқытушылар ұжымының қатысуымен өтті. Оқыту бағдарламасы негізінен қазақстандық және шетелдік студенттерге арналған, әрі бұл іс-шара олардың қоғамдық мәселелерге қатысты сауаттылығын арттыруға бағытталды.

Тыңдаушылар кездесуде ШҚО-ның түрлі салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланыс орнатып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Әсіресе, жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар мен көші-қон саласындағы мәселелер кеңінен талқыланды.

Шара барысында тыңдаушылар мен қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, бір-бірінен пайдалы ақпарат алу мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың өкілдері өз жұмыстарындағы қиындықтар мен жетістіктер туралы айтып, жастарға пайдалы кеңестер берді.

Осындай кездесулер ШҚТУ-да жиі өткізіліп тұрады. Университет әкімшілігі алдағы уақытта да осы бағыттағы шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.