Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде профессор Сергей Викторович Плотниковтың құрметіне арналған «Қатты дене физикасы» XVI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның басты мақсаты – қатты дене физикасының іргелі және қолданбалы зерттеулерін талдау, сондай-ақ осы саладағы ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді ортаға салу.
Жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, инженерлер мен жас зерттеушілер қатысты. Спикерлер қатарында Ядролық физика институтының бас директоры С. Сахиев, профессор, академик М. Скаков, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т. Рамазанов, "Qaz Gold Minerals" ЖШС-нің геология жөніндегі атқарушы директоры О. Гавриленко, Біріккен ядролық зерттеулер институтының өкілі Б. Мұхаметұлы, Ядролық физика институтының өкілі А. Бекбаев, National Laboratory Astana-ның аға ғылыми қызметкері А. Тұрлыбекұлы және профессор Сергей Викторовичтің шәкірттері баяндама жасады.
Конференция барысында ғалымдар жаңа материалдар, олардың физика-механикалық қасиеттері, құрылымдық-фазалық өзгерістері мен инновациялық технологиялар туралы пікір алмасып, ғылым мен техниканың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ғылыми және пәнаралық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Конференцияның басты қорытындыс – ғылыми еңбектер жинағынығ жариялануы болмақ. Сондай ақ жиынның тақырыбына сай бірқатар мақалалар беделді басылымдарда, соның ішінде «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ хабаршысы» журналында жарық көрмек.
Бұл конференция университетіміздегі ғылым апталығының басталуына серпін берген маңызды шара болды. Ғалымдар мен зерттеушілер тың идеялрымен бөлісіп, ғылыми ынтымақтастың іргетасын қалады.