Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде академиялық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа университеттің академиялық кеңесінің мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысты.
Гуманитарлық білім беру факультетінің деканы А.А. Сарсембаева "Адам бол" жобасын іске асыру туралы баяндама жасады, ол білім алушылардың бойында ашық сананы қалыптастыруға, өзінің ұлттық коды мен өзін-өзі тануын, рухани жаңғыртуды, бәсекеге қабілеттілікті, трансформацияланып жатқан қазақстандық қоғам жағдайында түсінуге бағытталған "Адам бол" модулін білім беру процесіне одан әрі енгізудің негізгі сәттерін көрсетті. Баяндамада жобаны 2021 жылы іске асыру нәтижелері және жобаның 2022 жылға арналған міндеттері айтылды.
CDIO стандарты аясында практикаға бағдарланған модель негізінде жаңа буын инженерлерін даярлау мақсатында ЖОО-да "Инженерлік білім беру көшбасшылары" жобасы табысты іске асырылуда, ол бойынша Базалық инженерлік дайындық факультеті деканының орынбасары З. Е. Арингожина баяндама жасады.
Академиялық кеңестің отырысында шақырылған профессорлардың 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы және ЖҚжӘББ бастығы О.К. Денисова сөз сөйлеген 2022 жылға арналған жоспар туралы есеп тыңдалды. Оның баяндамасында шетелдік ғалымдарды шақырудың негізгі көрсеткіштері, келісімшарт талаптары атап өтілді.
Сондай-ақ, академиялық кеңестің тырысында келесі мәселелер қаралды:
Инженерлік кадрларды практикалық-бағдарланған оқыту моделін енгізудің аралық нәтижелері:
- CDIO стандарты;
- Білім алушылардың үлгерімін талдау, үлгермегендермен жұмысты ұйымдастыру;
- 2022-2023 оқу жылына арналған пәндерді таңдау үшін пәндердің оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабус) және оқу материалдарымен қамтамасыз етілуі;
- "Қуатты өңірлік жоғары оқу орны. Тау-кен металлургия саласындағы академиялық артықшылық орталығы";
- Оқу процесіне on-line және МООС курстарын әзірлеу және енгізу нәтижелері туралы;
- "Атамекен" ҰКП ЖОО-ның 2021 жылғы рейтингісінің нәтижелері: проблемалар мен оларды шешу жолдары.
АБЖ отырысында университеттің Ғылыми кеңесінде қарауға ЖОО ПОҚ-ның алты оқу құралы ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша университеттің академиялық қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.