Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ-дың сәулет және құрылыс мектебі «Жол жұмыстарын жобалау саласында сметалық бағдарламаларды қолдану туралы мәселенің жай-күйі» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.
Іс-шара 6В07115 «Автомобиль жолдарын жобалау және салу» ББ студенттері үшін «Көлік құрылыстарын салуды ұйымдастыру және жоспарлау» пәні аясында өтті.
Дәріске сметалық бағдарламалар саласындағы кәсіби маман-Әсемгүл Есенқызы Айкенова шақырылды, ол «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ жобалар басқармасының бас сметашысы, Құрылыс істері жөніндегі комитет жанындағы ғылыми - техникалық кеңестің мүшесі «Данайхан Стройтех» жобалау институтының бөлім бастығы, «КШМ Ресурс» ЖШС - нің сметалық бөлімінің бастығы және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас сметашысы болып табылады. «Экспо-2017 Ұлттық компаниясы» АҚ құрылыс дирекциясының менеджері.
Әсемгүл Айкенова маңызды дәрістер курсын өткізді, онда қазіргі уақытта қолданылатын сметалық бағдарламаларды ескере отырып, Республикалық көлік жүйесінің жол конструкцияларын жобалау мәселелері қаралды.
«Автомобиль жолдарын жобалау және салу» білім беру бағдарламасының студенттері мен ПОҚ спикердің жоғары біліктілік деңгейін атап өтті және оның Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан ауқымды жобалардың сметалық құжаттарын ресімдеудегі үлесін бағалады.