2026 жылғы 10 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттері «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ («БЭСК» АҚ) өкілдерімен дуальды оқытуға үміткерлерді іріктеу аясында әңгімелесуден өтті.

Іс-шара болашақ мамандардың тәжірибелік даярлығын жетілдіруге және өндіріс орнында кәсіби тәжірибе жинақтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.

Компания атынан әңгімелесуге «Алтай Аймағы» өңірінің директоры Алпиев Ерболат, Оқшаулау және диагностика басқармасының бастығы Нестерцов Евгений, Жабдықтарды жөндеу қызметінің бастығы Кужас Алтынбек, сондай-ақ Ольчикенов Кайрбек, Коктаев Акылбек және персоналды іріктеу жөніндегі маман Әлімхан Данира қатысты.

Әңгімелесу барысында компания өкілдері үміткерлердің кәсіби қызығушылықтарымен және дайындық деңгейімен танысты. Студенттер әлеуетті жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатып, энергетика саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Дуальды оқыту университеттегі теориялық білімді кәсіпорындағы тәжірибелік даярлықпен ұштастырады. Мұндай тәсіл студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға және нақты өндірістік ортаға бейімделуіне ықпал етеді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен «БЭСК» АҚ арасындағы ынтымақтастық білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, өңірдің энергетика саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.