Университеттің Академиялық кеңесіңің кезекті отырысы өтті. Отырысқа мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, жетекші оқытушылар, білім алушылардың өкілдері, сондай-ақ шақырылған тұлғалар қатысты.
CDIO халықаралық бастамасын іске асыру барысы туралы баяндамамен ҒЗЖИЖ ДНИД-тің «Postgraduate» секторының аға ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор С.М. Байгереев сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол оқытудың практикалық бағыттылығын күшейту, білім беру бағдарламаларына жобалық және проблемалық-бағдарланған оқытуды енгізу мәселелерін қамтыды.
«Инженерлік білімге кіріспе» пәнін оқытуға, CDIO жобалар жәрмеңкесін өткізудің мақсаттары мен форматына, сондай-ақ инженерлік білім беру саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға арналған оқытушыларды, зерттеушілерді және өнеркәсіп өкілдерін біріктіретін CDIO Asian Regional Meeting (ARM) халықаралық іс-шарасына университеттің қатысуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, С.М. Байгереев CDIO тәжірибесін университеттің 2-4 курс студенттері арасында кеңейту қажеттігін атап өтіп, оны енгізудің негізгі мәселелерін айқындап, оларды шешу жолдарын ұсынды. Курстар бойынша іске асыру модельдері, жобалық қызмет форматы ұсынылып, оқытудағы ағылшын тілінің рөлі қарастырылды, сондай-ақ жобалар жәрмеңкесін даярлау бағыттары бойынша бөлу ұсынылды.
Отырыс барысында университеттің академиялық қызметіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды, оның ішінде: 2026-2027 оқу жылына қабылдау үшін мектептердің білім беру бағдарламаларын бекіту; оқу үдерісіне онлайн және МООС курстарын әзірлеу және енгізу нәтижелері; дуалды оқытуды ұйымдастыру: 2026-2027 оқу жылына арналған нәтижелер мен перспективалар; оқытушылардың ашық сабақтары мен өзара сабаққа қатысуын талдау.
Сонымен қатар, «Әртүрлі» бөлімінде енгізілген ағымдағы мәселелер қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Академиялық кеңес университеттің академиялық қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылдады.