Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Академиялық Кеңес отырысы өтті. Жиынға УАК мүшелері, құрылымдық бөлімшелер басшылары, оқу бағдарламаларының, құзыреттілік орталықтары мен технологиялар трансфері жетекшілері қатысты.
Академиялық Кеңесте Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Университеттік Академиялық Кеңестің 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары қабылданып, ЖОО оқу бағдарламаларын танымал ету мәселелері қаралып, құзіреттілік орталықтарының жұмысына есеп берілді.

2022 жылғы қабылдау комиссиясының жұмысы туралы жауапты хатшы Муслиманова Г.Е. баяндама оқыды. Баяндамада білім деңгейлері бойынша қабылдау қорытындылары, 2023 жылға жоспарланған қабылдау жоспары, қолданбалы бакалавриатқа қабылдау ерекшеліктері ұсынылып, 2023 жылға арналған міндеттер айқындалды. Талқылау барысында талапкерлерді іріктеу мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.

Бейресми білім берудің артықшылықтары және оқу жылындағы қорытынды аттестаттау форматы туралы А.Х. Машекенова сөз сөйледі.

Академиялық кеңес отырысында 2022-2023 оқу жылына арналған оқу процесін ұйымдастыру мәселелері туралы О.К. Денисова есебі тыңдалды. Педагогикалық жүктемені анықтау бойынша, дайындық бағыттары туралы штаттарды жасақтау бойынша, 2022 жылдың екінші жарты жылдығына шақырылған ПОҚ бойынша негізгі көрсеткіштер атап өтілді.

Құзыреттілік және технологиялар трансфері орталықтарының басшылары орталықтардың қызметінде туындайтын проблемалар туралы айтты.

Университеттің Ғылыми кеңесінде металлургия және пайдалы қазбаларды байыту мектебінің оқытушылары әзірлеген екі оқу құралын қарау ұсынылады.

Отырыс қорытындысы бойынша университеттің академиялық қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.