Басқару кеңесінің отырысында проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімдер мен біліктілік орталықтарының басшылары бірлесіп, ілгерілету, даму және ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық бағдардың жетістіктерін талқылады.

Отырыстың бірінші кезеңінде, стратегиялық даму бағдарламасының 2023-2029 жылдар аралығындағы индикаторлары мен КРІ-ларының бірінші жарты жылдық орындалуы туралы баяндамалар тыңдалды. Бұл баяндамада Несипқалиев У. алдыңғы қатарлы басшылардың бірі ретінде, болашаққа деген ұмтылыс пен іс-әрекеттің практикалық нәтижесін ашық көрсетіп, сенімділік сыйлады.

Алқалы жиынның екінші бөлімінде, Всяких Н., бас бухгалтер, даму жоспарының бірінші жартыжылдығындағы орындалу барысына шолу жасап, бюджет пен қаржы саласында жеткен табыстар мен алда тұрған міндеттер туралы толық есеп берді. Ол қаржылық тұрақтылықтың ұжымдық күш-жігер мен бірлескен жауапкершіліктің нәтижесі екенін дәлелдеді.

Күн тәртібінің үшінші тармағы - тарихи маңыздылығы мен заманауи өзектілікті біріктіретін «Толық адам» жобасын талқылау болды. Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Қапасова Г. жоба аясындағы тәрбиелік маңызы мен оның жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, соның ішінде болашақ мамандардың дүниетанымын қалыптастыруға қосатын үлесі туралы баяндама жасады. Жоба жастарды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту ісінің жарқын үлгісі ретінде аталды.

Қорытынды бөлімде апта сайынғы есеп ұсынылып, сонымен қатар студенттерді, оның ішінде шетелдік азаматтарды қабылдау үдерісі туралы толық ақпарат берілді. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Дәулбаева Ә. декандармен және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сарсембаева А.-мен бірге осы мәселені талқылады. Келесі басқарма отырысында университеттің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын іске асыру, сондай-ақ мектеп пен бейінді колледж түлектерімен кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру бойынша ұсыныстар берілді.