Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттер арасында «Counter Strike: Global Offensive» бойынша І кибертурнир аяқталды. Іс-шараны Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі ғылым және шығармашылық апталығы аясында ұйымдастырды.
Толықтырылған шынайылық саласындағы технологиялар трансфері және құзыреттер орталығы ұйымдастырған турнирге 120 адам қатысты, бұл 24 команда. Олар 4 топқа бөлініп, бір-бірімен ойнады, содан кейін топтан алғашқы 2 орынға ие болған құрамалар келесі кезеңге өтті.
Кибертурнирдің абсолютті чемпионы «Kill not Baiting» (KNB) командасы болды. Олар:
- Кайдарбеков Дамир Азаматович
- Гольштейн Эдуард Олегович
- Сандыбаев Асан Зинельдинович
- Плотников Михаил Антонович
- Смольников Владислав Анатольевич
2 орын, «Outsiders» командасы иеленді:
- Сайлаубеков Тимур
- Саматов Рафхат
- Айболит Жалында
- Хамза Ерасыл
- Ризабеков Дакир
3 орын - «570 TNG» командасына бұйырды:
- Егіспеков Руслан Айдынұлы
- Асылханов Асылжан Жомартұлы
- Әлинұр Сержанұлы Шоманов
- Сейітов Расул Қайырбекұлы
- Ислямханов Темірлан Еркінұлы
4 орын - «Шапка Нагиева»:
- Александр Евгеньевич Волосников
- Перемитин Валерий
- Ягодкин Ринат Сергеевич
- Евгений Евгеньевич Шпак
- Рыжков Роман Артемович
Жүлдегерлерге демеушілер, атап айтсақ «Rating» ЖШС және 1С:рейтинг бағалы сыйлықтар табыстады. 1 орын үшін 50 мың теңгелік сертификат және ойын мышкасы, 2 орын үшін 40 000, 3 орын үшін 30 мыңдық сертификат берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!