Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті облыстың түпкір-түпкірінен оқушыларды қарсы алып, пайдалы курс өткізді. Мектеп түлектері еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірінің білім атмосферасына еніп, танысу үшін келді.
Осы аралықта мектеп оқушылары үшін ауқымды мәдени бағдарлама дайындалды: экскурсиялар, белсенді студенттермен кездесулер, зияткерлік ойындар, флэш-мобтар, викториналар, квест ойындары, спорттық жарыстар өткізілді.
«Пайдалы каникул» жобасына Күршім, Алтай, Ұлан, Тарбағатай, Глубокое аудандарының және Абай облысы Жарма ауданының орта мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысуға ниет білдірді.
Курстар 6 қаңтар күні өз мәресіне жетті. Кейін оқушыларға сертификаттар табысталды. Қатысушылар уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, жаңа таныстықтар мен жақсы достар таба алды.