Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ның базасында «AMANAT» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына арналған «Қоғамдық коммуникацияның заманауи әдістері: құқықтық аспектілер, партиялық жобалар және SMM» атты екі күндік семинар-тренинг аяқталды.
Депутаттар үшін әлеуметтік желілер мен интернет арқылы халықпен қарым-қатынас жасау, түрлі әлеуметтік желіде парақшаны жүргізу, сондай-ақ әртүрлі платформаларда посттарды ресімдеу, материалды неғұрлым түсінікті, ыңғайлы түрде беру бойынша практикалық кеңестер берілді және т.б. мәселелер бойынша дәріс өткізілді.
Сондай-ақ, «АМАНАТ» партиясының өкілдеріне ШҚТУ бойынша экскурсия ұйымдастырылып, депутаттарды университеттің материалдық-техникалық базасымен, ғылыми зертханаларымен және негізгі білім беру бағдарламаларымен таныстырды.