2026 жылғы 4 наурызда Д. Серікбаев атындағы ВКТУ им. Д. Серикбаева Жоғары IT-колледжінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға колледждің педагогтері мен білім алушылары қатысып, жалпы саны 30-ға жуық адамды қамтыды. Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелерді талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Кездесуге Горностаева А.В., Коротин С.В. және Борангалиева Ш.Б. қатысты.
Кездесу барысында алдағы референдум мәселелері мен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ білім беру жүйесін дамыту, ақпараттық технологиялар саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және білім беру ұйымдарының жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған мәселелер бойынша пікір білдіруге мүмкіндік алды.