10 қарашада Жоғары ІТ колледжінде 1-4 курс студенттерінің ата-аналарымен «Жастар арасындағы нашақорлық пен маскүнемдіктің алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбында жалпы колледж жиналысы өтті.
Жиналыста талқыланған тақырыптар:
- «Есірткінің заңсыз айналымының зардаптары» туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Б.Ж. Ахметова»;
- «Нашақорлық және есірткі құралдарының түрлері» ОНД наркологы А.С. Слямбеков;
- «Құқық бұзушылықтың алдын алу» Өскемен қаласының ҮТП учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Ж. Адимов;
- ҮТП полициясының аға лейтенанты Т.С. Заманбеков «Алаяқтық пен интернет алаяқтықтың алдын алу»;
- «Лудоманияның алдын алу» партияның облыстық бөлімі жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы К.Тугамбаева;
- «Көрсету-шантаж түріндегі суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» жөнінде психиатр Г.Б. Демеуова»;
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік ережесі» директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.В.Самойлова.
Тікелей куратормен аталған тақырыпты талқылау жалпы жиналыстан кейін топта жалғасты.
Жиынға түрлі курс студенттерінің 70-тен астам ата-аналары, колледж әкімшілігі, кураторлар мен педагогтар қатысты. Колледж директоры Ш.О.Солтанбекова ата-аналарды бірлесіп жұмыс істеуге, студенттерді тәрбиелеуде көмек пен қолдау көрсетуге, олардың қатысуы мен үлгерімін бақылауға шақырды..