29 сәуір күні колледжімізде түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен мәдениетін насихаттайтын мереке ұйымдастырылды. Студенттер өзара ынтымақ пен татулықты көрсетті.
Іс-шара барысында түрлі ұлттың мәдениеттері таныстырылып, ерекше өнер көрсетілімдері өтті. Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
Жүлделі орындар мен номинациялар:
- 1 орын — 5ОД тобы, ел: Грузия;
- 2 орын — 10ОД тобы, ел: Кавказ;
- 3 орын — 11ОД тобы, ел: Қырғызстан.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай достық пен бірлікке толы күндер көп болсын!