Биылғы жылғы еліміздің президентінің халыққа жолдауында біршама тапсырмалар берілді. Солардың ең өзекті мәселелерінің бірі халықтың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету яғни жер сілкінісі қауіпін алдын алуға жұмыс істеу болатын. Осы орайда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаменті мен ШҚТУ академиялық қызмет департаменті мамандарының селбескен отырысы өтті.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласында үстіміздегі жылы екі рет қатты сезілген жерасты дүмпуі болды. Оқиға билік пен қоғамның төтенше жағдайға дайын емес екендігін аңғартты.
Екі департаменттің біріккен жиналысы барысында жаңа білім беру бағдарламасын ашу мақсатында бірсыпыра мәселелер қарастырылды. Атап айтсақ, төтенше жағдай салдарының алдын алу үшін сейсмолог мамандарды даярлайтын мамандар ауадай қажет. Сол себепті университеттің ішінен геодезия және физика салаларының қыр-сырын жетік меңгерген маман иелерін оқытып шығару.
Ол мамандықтарды жастар таңдап, оқып игеру үшін болашақ университет студенттерін мейлінше ақпараттандырып, су жаңа мамандықты барша дүйім жұртқа жариялап аггетациямен айналысу керек.
Мамандықтың қай түрі болмасын бәрінде де бірінші кезекте адамның амандығы керек. Сол себепті барлық мамандарға төтенше жағдайдағы қауіпсіздікті негізгі сабақ ретінде енгізуді ұсынды – Жанат Қабылбекқызы академиялық қызмет департаментінің басшысы.
Соңғы кезде елімізде жердің сілкінуі жиі байқалғандықтан құрыслыстарды берік етіп салу қажет. Осы тұрғыда ШҚО ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Өтеев Нұрболат мамандарды негізгі пәні ретінде қосымша инженер және құрылыс пәндерін енгізу керек. Біздің бағытымыз тек қана жер астындағы сілкіністерді ғана емес сонымен қатар жер бетіндегі ғимаратардың құрылыстарының беріктігіне де мән беру қажет екендігін тілге тиек етті.
Осы саладағы ең тапшы мамандар сейсмологтар және геофизиктер, – деді, Алматы қаласынан zoom мессенжері арқылы байланысқа шыққан ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» бас маманы Тұрашова Жансая.
– Корей елінің тәжірибесіндегі заңнамаға сүйенсек оларда әр маман иесі төтенше жағдайларда өзінің бас саулығын қамтамасыз етуді білу керек. Біздің елде де осы үдерісті қолға алу керек. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының ғимараттарын паспортизациялау қолға алынып жатыр» - деді ШҚО ТЖД ТЖААБ бастығы Арман Наурызбаев.
Ұлттың қауіпсіздігін талқылаған жиын қатысушылары өз ойларын ортаға салып мынадай қорытындылай келе ТЖД қызметкерлері осы жылдың аяғына дейін жаңа мамандыққа қажет білім мен дағдыларды ұсынып жоғарғы оқу орын оқытушыларын ұсынатын болды. Ал тәлімгерлер өз кезегінде сол бағыт бойынша мамандықтың пәндерін бекітетін болды. Мектеп түлектерінің назарына келер жылы жаңа білім беру бағдарламасы аясында су жаңа мамандықтың тұсау кесері жоспарлануда.