Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Инженерлік білімге кіріспе» пәні аясында бірінші курс студенттері арасында CDIO жобалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға қатысқан студенттер 45 бірегей әрі креативті инженерлік шешімдерін ұсынды.

Жәрмеңке байқау форматында өтіп, болашақ инженерлердің жаңашыл ойлау қабілеті мен практикалық дағдыларын көрсету алаңына айналды. Ұсынылған жобалардың ішінде «салқын жастық», механикалық қол, электронды құмсағат, ақылды дулыға-шлем, автоматты бау байлау жүйесі бар кроссовкалар сынды туындылар ерекше назар аудартты.

Іс-шараның ерекшелігі – жеңімпаздарды анықтау электронды дауыс беру арқылы жүзеге асты. Барлық қонақтар мен қатысушылар арнайы цифрлық платформа арқылы өздеріне ұнаған жобаға дауыс бере алды. Осылайша, үздік командаларды анықтау көрермендердің қолында болып, байқау одан әрі қызықты бола түсті.

Дауыс беру нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

  • 1-орын – «Электр станциясы» жобасы (24-ГМК-1 тобы);
  • 2-орын – «Суға батпайтын үй» жобасы (24-ТМК-1 тобы);
  • 3-орын – «Шикі мысты балқытуға арналған көлденең конвертер» жобасы (24-МТ-1 тобы).

Мұндай іс-шаралар студенттердің инженерлік құзыреттерін дамытуға, жобалық ойлау мен топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. CDIO (Conceive – Design – Implement – Operate) әдістемесі ВКТУ-дың оқу үдерісіне сәтті енгізіліп, инженерлік тәжірибе талаптарына жақындатылған білім беруге жол ашып отыр.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жарқын идеялары мен техникалық шешімдері үшін алғыс айтамыз!