Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма отырысы өтті. Отырысты университет ректоры - басқарма төрағасы Сәуле Рахметуллина жүргізді. Жиын барысында проректорлар, факультет декандары, құрылымдық бөлімдер мен құзыреттілік орталықтарының жетекшілері бас қосты. Отырыс барысында университеттің даму стратегиясына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.

Алғашқы баяндаманы Денсаулық және спорт орталығының жетекшісі Шорганова Айнур Базарбеккызы жасап, орталықтың атқарып жатқан жұмыстары, студенттер мен қызметкерлерге арналған спорттық-сауықтыру шаралары туралы баяндады. Ол орталық қызметінің сапасын арттыру мен жаңа спорттық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударды.

ПЦФ 2023–2025 аясындағы жобалардың жүзеге асуы аясында келесі сөз кезегі ПЦФ бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың жетекшілеріне берілді. Олар жобалардың қазіргі жағдайы, есеп беру үдерістері, жеткен нәтижелері мен кездескен қиындықтар туралы мәлімет берді. Жобалардың сапалы орындалуы үшін өзара ынтымақтастық пен үйлесімділік қажеттігі атап өтілді.

Отырыста академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асия Хасенқызы Машекенова қос дипломдық білім беру мен СОП (сапа қамтамасыз ету процесі) мәселелеріне тоқталды. Ол халықаралық серіктестіктер арқылы білім беру кеңістігін кеңейту қажеттігін атап өтті.

Жоғары IT колледжінің білім беру бағдарламаларының өзектілігі хақында жоғары IT колледжінің директоры Шахрам Оңдасынқызы колледж бағдарламаларының қазіргі еңбек нарығына сай бейімделуі мен жаңартылуы туралы баяндама жасады. Ол IT саласындағы заманауи трендтерге сай маман даярлау маңыздылығын атап өтті.

Соңында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Арайлы Әлібекқызы Сәрсембаева шетелдік студенттермен жұмыс істеу, оларды тарту стратегиялары мен халықаралық серіктестіктер туралы баяндама жасады. Ол бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар мен болашақтағы мүмкіндіктерге назар аударды.

Одан бөлек басқа бөлімдердің басшылары сөз сөйледі. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Университеттің тұрақты дамуы мен сапалы білім беру жүйесін қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыс жалғасатын болады.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті аталмыш фестивальде «Жасыл университет» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Бұл марапат университеттің экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрақты даму қағидаттарын енгізу және студенттердің экологиялық білімін арттыру бағытындағы белсенді қызметі үшін тұрақты даму офисінің тұрақты даму офицері Ілиясова Айдана Сәкенқызы және қауымдастырылған профессор Петрова Ольга Анатольевна марапатталды. Жеңіс тұғырлы болсын.