14 наурызда Наурыз мерекесінің алғашқы күні - Көрісу күні атап өтіледі.  1  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні - Амал күні (Көрісу күніне) арналған іс-шара өтті. Іс-шараны ШҚТУ-дың Жоғары IT-колледжі ұйымдастырды.

Көрісу күні- халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар туыстарымен, жақындарымен және әріптестерімен қауышып, бір-бірімен амандасып, ізгі тілектерін білдіреді. Әсіресе, бұл дәстүрдің жастар тәрбиесіндегі орны ерекше: кіші буын үлкендерден бата алып, оларға құрмет көрсетеді. Мұндай тағылымды дәстүр өскелең ұрпақтың бойында сыйластық, достық, мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.

Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар Көрісу күнінің мәні мен тарихы туралы мағлұмат алып, дәстүрлі амандасу рәсіміне қатысып, бір-біріне ақжарма тілектерін білдірді. Мереке жылы жүздесулер мен ізгі ниеттерге толы ерекше атмосферада өтті.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мәдени мұраны сақтауға және жастардың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.