Екінші күні 1 курс студенттері үшін «ШҚТУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру және академиялық адалдықты енгізу» атты арнайы дәріс ұйымдастырылды. Студенттердің университеттегі оқу үдерісі қандай принциптерге негізделетіні дұрыс түсіндіріліп дамытудың басты нүктесі болып табылатыны айтылды.

Дәріс барысында 1 курс студенттері ШҚТУ білім беру ортасында іргелі болып табылатын академиялық адалдық ережелерімен таныстырылды.

Академиялық саясат бұл білім алушыға бағдарланған оқытуды іске асыруына және білім сапасын арттыруға бағытталған білім беру қызметін жоспарлап, басқару және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру мақсатында шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесі болып табылады.

Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында жоғары жауапкершілік пен адалдықты сақтай отырып, академиялық және кәсіби этика мәселелерін реттейтін Әдеп кодексінебаса назар аударылды.

Бірінші курс студенттеріне оқу үдерісінде ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған ШҚТУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты таныстырылды. 

Студенттер университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әділ және объективті білім алу үшін жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы білді.

Сонымен қатар, дәрісте бірінші курс студенттеріне жаңа шарттарда жақсы бағдарлауға көмектесетін университеттің ішкі ережелері ұсынылды. Бұл ережелер оқу процесіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді, сондай-ақ университет аумағындағы тәртіпті қамтиды.

«ШҚТУ бейімделу апталығы» аясында осындай іс-шараларды өткізу студенттерді оқуға жауапкершілікпен қарап дайындалуға маңызды рөл атқарады және 1 курс студенттерінің университет қоғамдастығына сәтті кірігуіне ықпал етеді.