2026 жылғы 29 шілде мен 28 тамыз аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Заманауи релелік қорғаныс: есептеу, баптау, пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курс тыңдаушылары «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамының өкілдері болды. Біліктілікті арттыру бағдарламасының жалпы көлемі 144 сағатты құрады.

Курс бағдарламасы заманауи релелік қорғаныс және автоматика жүйелері саласындағы кәсіби құзыреттерді жетілдіруге бағытталды. Оқу барысында тыңдаушылар релелік қорғаныс құрылғыларын есептеу, баптау және пайдалану мәселелерін зерделеп, сондай-ақ «Балама және дәстүрлі энергетика» оқу зертханасында практикалық сабақтарға қатысты. Мұнда олар энергетика саласында қолданылатын заманауи жабдықтармен және технологиялармен танысты.

Курстың өткізілуі профессор-оқытушылар құрамының кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ заманауи ғылыми және практикалық тәсілдерді білім беру үдерісіне енгізуге ықпал етті.

Курс соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова А. тыңдаушыларға сертификаттар табыстап, оларға алдағы кәсіби және ғылыми қызметтерінде табыс, алған білімдерін тиімді қолдануды және университеттер арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуын тіледі.