Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларына арналған, қабылдау науқаны кезеңіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған оқыту семинары өтті.
Семинарды Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ КЕАҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері К.А. Мыктыбев өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарымен танысып, талапкерлерді қабылдау үдерісінің ашықтығын, әділдігін және айқындығын қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қабылдау комиссиясы қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және талапкерлерді қабылдау үдерісінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық ұсынымдар берілді.