Ағымдағы жылдың 29 тамызында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің бірінші курс студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары Урюстюмова Айзат Ишимбаевна, Фоминых Вадим Владимирович ашық дәріс өткізді. Сондай ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы Бейсембаев Архат Абжатович жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шараны ұйымдастырған Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы.
ережелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл оларға өз елінің құқықтық жүйесін тереңірек түсінуге және белсенді азамат болуға өз үлесін қосады.