Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде студенттер мен қызметкерлердің Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің өкілдерімен ауқымды кездесуі өтті. Іс-шараның тақырыбы «Киберқылмыстар. Дропперлік. Кибербуллинг».
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары, азаматтарды дропперлік әрекеттерге тарту әдістері, кибербуллингтің түрлері және осындай қауіптерден қорғану шаралары туралы ақпарат берді. Спикерлер тәжірибеден алынған нақты мысалдарды ұсынып, жеке деректерді қалай қорғау және қаржылық шығындардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар қатысушыларға алаяқтық схемаларын, киберқорғаныс әдістерін және пайдаланушылар жиі жіберетін қателіктерді көрнекі түрде көрсететін бейнероликтер мен презентациялар ұсынылды.
Іс-шара барысында цифрлық сауаттылық мәселелеріне, жеке ақпаратқа мұқият қараудың, сенімді құпиясөздерді пайдаланудың және екі факторлы аутентификацияның маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кездесу аудитория тарапынан үлкен қызығушылық тудырды: қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті және киберқауіптер туралы өзекті мысалдарды талқылады.
Полиция органдары мен университет арасындағы бірлескен жұмыс тұрақты түрде жалғасатын табатын болады.