Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Бизнес мектебінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы «Ұлттық музыкалық аспаптар» атты мазмұнды көрме ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық рухани мәдениетті насихаттауға бағытталған.
Көрмені «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының» маманы Рахатова Ж.Т. жүргізіп, студенттерді ұлттық мұра болып саналатын музыкалық аспаптармен таныстырды. Шара барысында қазақтың төл аспаптары — домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз және тағы басқа жәдігерлер ұсынылып, олардың тарихы мен ерекшеліктері жайлы құнды мәліметтер берілді.
Аталған іс-шара дәстүрлі білім беруден тыс бейресми оқу тәсілі ретінде ұйымдастырылып, 23-ЗКК-3, 23-ТТК-1, 23-АУК-1, 23-МИК-1 топтарының студенттері қатысты. Мұндай мазмұнды шаралар жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына зор үлес қосады.