2026 жылғы  қаңтар айында «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-да Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-офицері К.А. Мықтыбаевпен Басқарма мүшелері, мектеп декандары, профессор-оқытушылар құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және ISO 37001:2025 сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі» тақырыбында оқыту курстары өткізілді.

Оқу курстары шеңберінде тыңдаушыларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының негізгі негізгі талаптары, сондай-ақ «ISO 37001:2025 сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелерінің» талаптары және ЖОО қызметіндегі үлгілік тәуекелдер жеткізілді. Оқытудың мақсаты парасаттылық, ашықтық (ақпараттың ашықтығы, қол жетімділігі және қабылданатын шешімдердің түсінігі) қағидаттарын сақтағаны үшін ЖОО-ның әрбір қызметкерінің жеке жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік туралы бірыңғай түсінік қалыптастыру болды.

Комплаенс офицер университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері үшін бұл талаптар академиялық адалдыққа, басқару шешімдеріне, білім алушылармен, контрагенттермен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға тікелей байланысты екенін атап өтті.

Оқу барысында, комплаенс офицер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің құқықтық негіздері мен міндеттерін айқындайтынын, ал ISO 37001 оларды практикалық құралдармен толықтыратынын: тәуекелдерді басқару, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыйлықтар мен өкілдік шығыстарды бақылау, сондай-ақ бұзушылықтар туралы хабарлау тетіктері, жеткізді.

Сондай-ақ, комплаенс офицер оқыту барысында бөлімше басшыларына өздерінің құрылымдық бөлімшелерінде орналастыру үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды (плакаттар) ұсынып, таратылды.

Бұдан басқа, оқыту қорытындысы бойынша тыңдаушылар арасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ ISO 37001:2025 сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелерінің» талаптарын білуге және түсінуге тестілеу өткізілді.