2023 жылғы 4 мамырда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіңде гуманитарлық білім беру факультетіне қарасты қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында білім алушылардың арасында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті. Аталған шараға 60 астам студент қатысты.
Диктант мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері: қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.