Д. Серікбаев атыныдағы ШҚТУ-да Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне арналған және жоғары оқу орнының 65 жылдық мерейтойына орай әскери-спорттық эстафета өтті.

Іс-шараның басты міндеті:

  • жастарды ҚР Қарулы Күштерінде әскери борышын орындауға дайындау;
  • әскери кәсіптерді игеру ісінде жастар бастамасын қолдау және дамыту;
  • болашақ Отан қорғаушыларды Қарулы Күштердің жауынгерлік дәстүрлеріне тәрбиелеу;
  • студенттер арасында қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және дамыту;
  • отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • жеке қасиеттерді, командалық рухты және ұйымшылдықты көрсету үшін жағдай жасау;
  • жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шараға барлық факультеттердің күндізгі оқу бөлімінің студенттері қатысты.

  • Эстафетаның 1 кезеңі автоматты бөлшектеу мен құрастырудан, автоматпен 20 м жүгіруден (1 адам) тұрды.
  • 2-кезең-жараланған адамды қолына тасымалдау (3 адам), екі жағынан аяқтарын көтеріп, келесі кезеңге дейін жүгіреді.
  • 3-кезең-оқ-дәрі қорабын (2 адам) 20 метрге автоматпен тасымалдау.
  • 4-кезең - байланған аяқпен жүгіру-2 адам.
  • 5-8 кезеңдер - get I into RUGBY халықаралық бағдарламасы бойынша регби элементтері бар эстафета

Эстафетаға қатысушылар, жеңімпаздар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

1 орынды зымыран-артиллериялық қару - жарақ командасы, 2 орынды - бронды техника командасы және 3 орынды-мотоатқыштар бөлімшелерінің жауынгерлік қолдану командасы иеленді.

ФОТО ...