«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында 155 бастауыш партия ұйымдары бар, сонын ішінде 23-і Өскемен қаласы бойынша. "Қазақстан болашағы" бастауыш партия ұйымы 2010 жылдың 14 маусымында құрылды. Бастауыш партия ұйымының төрағасы 2022 жылғы 24 мамырдан бастап университет ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы болып табылады. Бүгінгі таңда "AMANAT" партиясы мүшелерінің саны 59 адамды құрайды.
Бастауыш партия ұйымының мүшелері қала мен облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Жыл сайынғы "Мектепке жол" республикалық акциясын белсенді өткізеді. Жыл бойы, әсіресе балаларды қорғау күніне, әр оқу жылының басына және Жаңа Жылға көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың барлық стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыратын ең белсенді бастаушылардың бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда қаланың бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын сайлау бойынша жиналыстар өтуде. Күн тәртібінде "Қазақстан болашағы" бастауыш партия ұйымының төрағасын бекіту туралы сұрақ көтеріліп, "Қазақстан болашағы" БПҰ төрағасы болып "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректоры, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы бірауыздан сайланды.
Сонымен қатар, "Қазақстан болашағы" бастауыш партия ұйымына кіргендерге партиялық билеттер мен "Аманат" партиясының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.