2023 жылдың 19 қазанында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жаңа оқу жылындағы университет Ғылыми кеңесінің бірінші отырысы өтті . Жиынға УҒК мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және шақырылғандар қатысты.

Жол картасы тармақтарының орындалуын бақылау бойынша, онлайн оқытуға лицензия алу туралы ББТО басшысы м.а. А.В.Жангербаева сөз сөйледі. Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру және МООК бағыттары бойынша дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қабылдау комиссиясының 2023 жылғы жұмысының қорытындылары туралы ҚК жауапты хатшысы Г.Е.Муслимова баяндама жасап, қабылдау комиссиясының мәселелеріне, алға қойылған міндеттерге және мүмкін болатын шешімдерге тоқталды.

Сондай-ақ, Академиялық Кеңестің отырысында ASIIN халықаралық аккредиттеу нәтижелері бойынша сарапшылар тобының талаптары мен ескертулерін орындау жөніндегі декандардың есептері тыңдалды.

АК отырысының қорытындысы бойынша университеттің оқу қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылданды.