2025 жылғы 29 тамыз күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырысты Басқарма төрайымы – ректор Сауле Жадыгерқызы Рахметуллина жүргізді.
Кеңестің басты тақырыбы – Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы, оның қоғам дамуына қосқан үлесі және келешектегі даму бағыттары болды. Баяндамалармен «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Жанна Аубакирова сөз сөйледі.
Кеңесте сонымен қатар университеттің 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындығы, жұмыс оқу жоспарларын бекіту, академиялық саясатқа өзгерістер енгізу және Ғылыми кеңестің жұмыс жоспары сияқты мәселелер қаралды.
Мемлекетіміздің Негізгі заңының мерейтойына орай университеттің профессор-оқытушылар құрамы құрметке ие болды. Білім мен ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін қызметкерлер Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Облыс әкімі атынан Құрмет грамоталарымен марапатталғандар: Баталов Ю. В. – экономика ғылымдарының докторы, ВАК профессоры, Столярова Л.В. – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, университет профессоры, ВКТУ-дың ардагер-пенсионері, Дудкин М.В. – техника ғылымдарының докторы, ВАК профессоры,Манцуров О.А. – әскери кафедраның бастығы, запастағы полковник.
ВКТУ-дың Құрмет грамоталарымен марапатталғандар: Джаксылыков А.Ф. – «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы,Аубакирова Ж.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, Алексеенко А.Н. – тарих ғылымдарының докторы, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Краснобаева Н.Л. – тарих ғылымдарының кандидаты, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, Столярова Э.О.– әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «DIGITAL SOCIAL RESEARCH» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, Калиева К.С. – тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Капасова Г.З. – «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, Садвакасова Ж.А. – «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Токсанбаев А.А. – Бизнес мектебінің оқытушысы
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, университет ұжымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықталды.