Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда университеттің білім беру, ғылыми және ұйымдастырушылық қызметінің негізгі мәселелері қаралды.
«ШҚТУ – әл-ауқат аумағы» тақырыбында Басқарма мүшесі – халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А. Сәрсембаева баяндама жасады. 2025 жылға арналған университеттің қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы бас бухгалтер Н. Всяких ақпарат берді.
Отырыс барысында Ғылыми кеңес мүшелері академиялық және ғылыми бағыттағы бірқатар мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларын бекіту, диссертациялық зерттеу тақырыптары, ғылыми жетекшілерді тағайындау, ғылыми атақтар беруге ұсыныстар және ғылыми еңбектерді жариялау мәселелері қаралды.
Сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жетілдіру және университеттің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оның ішінде «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша докторантураға түсу емтихандарының бағдарламасына өзгерістер енгізу қарастырылды.
Отырыс аясында университет қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті. Марапатталған қызметкерлер қатарында: Айдарханов Елжан магистрант,Конарбаева Г. ХИМ аға оқытушысы, Нуршайыкова Г. ЖТҒМ қауымдастырылған профессоры, Кенесбеков А. «Қорғаныш және функционалдық жабындар» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері,Байдилдина А. СҚАжЭМ қауымдастырылған профессоры, Матайбаева И. ЖТҒМ қауымдастырылған профессоры, Недобитков А. ХИМ аға ғылыми қызметкері, Садибеков А. Management Office ғылыми қызметкері.
Ғылыми кеңес отырысы университеттің білім сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулерді дамытуға және білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытын тағы да растады.