2025 жылғы 6 қазанда, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқармасының кезекті отырысы өтті. Отырысқа университет ректоры, Басқарма төрайымы Сәуле Жадыгерқызы Рахметуллина төрағалық етті.

Отырысқа проректорлар, факультет декандары, құрылымдық бөлімдер мен құзырет орталықтарының басшылары қатысты.

Күн тәртібіне университеттің стратегиялық дамуына қатысты маңызды мәселелер енгізілді: университеттің QS халықаралық рейтингісіндегі ілгерілеуі, 2025–2026 оқу жылына арналған қабылдау науқанының қорытындылары, университеттің имиджін ілгерілету және кәсіби бағдар жұмыстары бойынша маркетингтік стратегиясын іске асыру, сонымен қатар Қырғыз Республикасына жасалған кәсіби бағдар сапарының нәтижелері.

Ректор университеттің халықаралық рейтингтегі орнын нығайту, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және талапкерлермен жұмысты күшейту – ШҚТУ-дың ұлттық әрі жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды бағыттар екенін атап өтті.

Отырыс конструктивті форматта өтіп, нақты ұсыныстар мен алдағы іс-қимыл жоспарлары талқыланды.