Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ға Монғолия Республикасынан делегация келді. Сапар барысында, Foundation факультеті деканы Г. Муслиманованың Моңғолия Республикасының Баян-Үлгі аймағының Дэлуун сомоны әкімі Акылбек Аиппен екіжақты кездесуі өтті. Кездесуде сондай-ақ Ш.Ноғай атындағы орта мектептің өкілі Жардембек Хабидолда қатысты. Бұл мектепте 1397 бала білім алуда.
Тараптар ынтымақтастық және олардың аймақтары үшін техникалық кадрларды даярлау аясында, атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі саласында, әрі қарайғы ынтымақтастықтың келешегі мәселелерін талқылады. Бұл аймақ табиғи ресурстарға бай: алтын, темір рудасы, вольфрам, көмір, әктас, гранит қоры бар. Делегация өкілдерін университет дамуының қолданыстағы және стратегиялық бағыттары, мамандықтары мен білім беру бағдарламалары туралы хабардар етті.
Ақылбек Аип Дэлуун сомонынан келген Foundation факультеті студенттерімен кездесіп, олардың білім алу және тұрмыс жағдайларымен танысты. Ол университетті жоғары бағалап, Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ -де білім алу үшін мектеп бітірушілерін жіберуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу соңында қонақтар қазақстандық достарын Ш.Ноғай атындағы орта мектептің және Баян-Үлгі аймағына қарасты Дэлуун сомонының 80-жылдығына шақырды. Мереке 2018 жылдың 13-16 шілдесінде өтеді.
Foundation Факультеті деканының орынбасары Б. Құсайынов