Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ресми танысу іс-сапарымен  «Клаусталь» неміс техникалық университетінің өкілдері  болып қайтты.

Дәнекерлеу, кесу және өндірістік процесстер институтының директоры Профессор V. Wesling және тау ісі институтының директоры профессор O. Langefeld университет зертханаларымен танысты. Университеттің басшылығымен және ғалымдарымен кездесу өтті. Студенттермен алмасу және тиімді ынтымақтастық туралы талқылау болды. Кездесу барысында ШҚМТУ базасы негізінде Қазақстанда жалғыз Фольксваген қорын қардылық қолдау негізінде  докторанттар мектебін ашу да қарастырылды.  

Ресми кездесу соңында ШҚМТУ ректоры Жасулан Шаймардановқа неміс тау-кеншілерінің атрибуттық белгісі ретінде кәдесый тарту етті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі