Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға табан тіреді.

Қонақты университет ректоры Жасұлан Шаймарданов, Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко, Жоғары техникалық колледж директоры Жақсыкелді Назбиев және ШҚМТУ ғалымдары қарсы алды.

Әмірхан Рахымжановты университет қызметінің бағыттары, білім беру және ғылыми қызметтерде жеткен жетістіктері, сондай-ақ,  шетелдік әріптестермен жасалған жемісті ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі көрсетіліп жазылған университеттегі стендпен таныстырды,

Университет ректоры Ж.Шаймарданов экскурсия барысында ЖОО-ның қызметі туралы толықтай баяндады. Қонаққа университеттің ғылыми-зерттеу кешендерін: "Металлургия және материалтану" ғылыми-өндірістік кешенін, "Мехатроника, аспап жасау және энергетика" ғылыми-білім беру кешенін, «Іргетас» аймақтық зертханасы мен тәжірибелі-өндірістік учаскелерді таныстырды.  

Ә.Рахымжанов университеттің ғылыми-зерттеу кешендері санының көбейгеніне таң қалды.

- Бұл университеттің ректоры Ғ.Мутанов болған кезде, осы университетте болғанмын, бірақ, бүгінгі көріп отырған зертханалар болған емес. Өте керемет, - деп, таңғалғанын жасыра алмады жауапты хатшы Ә.Рахымжанов.

Университетпен оның қызметімен танысқан ҚР БҒМ жауапты хатшысы ЖОО-ның қызметіне жоғары бағасын берді.  

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі