Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Ғылымдағы, техникадағы және білімдегі есептеуіш және ақпараттық технологиялар» («ЕАТ -2013») атты халықаралық конференция болды. Оған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан ғылым академияларының академиктері, Германияның, Түркияның, Швецияның, Сербияның және басқа елдердің ірі ғалымдары қатысты.
Биыл 55-ке толып отырған ШҚМТУ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, оның жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтымен, РҒАСБ есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп ұйымдастырылған конференция табысты өтті. Ал ШҚМТУ есептеуіш және ақпараттық технологиялар саласында Қазақстандағы жетекші ЖОО-ның бірі.
Құттықтау сөзінде ШҚМТУ ректоры, ф-м.ғ.д., академик, ҰҒА корреспондент-мүшесі Н.Темірбеков аталмыш бас қосу Қазақстанда алтыншы рет өткізіліп отырғанын, басты мақсаты халықаралық ынтымақтастықты тереңдету екенін айтты.
ҚР БҒМ ғылым комитеті төрағасының орынбасары А.Төлешев ҚР БҒ министрі А:Сарынжіповтың ШҚМТУ-дың 55 жылдығына және конференция қатысушыларына арнаған құттықтау хатын оқып берді.
Конференцияда академик Ю. И. Шокин (Ресей), ф-м. ғ. докторы Н. Данаев (Қазақстан), Найля Лут (Германия), С. Кабанихин (Ресей), академик А. Борубаев (Қырғызстан) және басқа ғалымдар баяндама жасады.
Университеттің мерейтойына байланысты бір топ профессорлар мен оқытушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің марапаттарымен, облыс әкімнің грамоталарымен марапатталды.