Кеше біздің университетте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов болып, ШҚО жұртшылығымен кездесті. Евгений Дмитриевич жанұялық, гендерлік, жастар, ақпараттық саясат саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Вице-министр уақытша жұмыссыз жүрген жастар пайызын азайтуға ықпал ететін жобалар туралы да баяндады. Атап айтқанда, жастарды қолдап, олардың әлеуметтенуі мен жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін мүмкіндіктер, жағдай жасау үшін жастар ресурстық орталығы базасында «IT Hub» ашу көзделген. Бұл жоба жаңа білім алып, бағдарламалық өнімдер дайындау дағдыларын меңгеруге, оларды кеңейтіп, коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

Жұртшылықпен кездесуден соң, вице-министр ШҚТУ материалды-техникалық базасымен танысып, Киберспорт және білімді геймификациялау зертханасында болып, «Smart engineering» Құзірет орталығында медициналық өнімдердің қалай дайындалатынын өз көзімен көрді. Айта кету керек, Евгений Кочетов біздің ғалымдардың жұмысына тәнті болды.

ФОТО ...