Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ШҚО жұртшылығымен кездесуі өтті
Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ШҚО жұртшылығымен кездесуі өтті.
Министр бас корпусқа Face ID технологиясының көмегімен кірді.
Министр ШҚТУ материалдық-техникалық базасымен танысып, цифрлық деректерді алу, цифрлық егіздерді жасау, инженерлік талдау, кері-инжиниринг, күрделі стандартты емес жабдықтардың тораптары мен бөлшектерін әзірлеу және дайындауды қолға алған "Smart Engineering" құзыреттілік орталығына ерекше назар аударды.
Министр ғалымдардың жұмысына жоғары баға беріп, әрбір қазақстандықтың күнделікті өміріне цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығын еске салды.
Сондай-ақ, Бағдат Мусиннің ШҚО-ға жұмыс сапары аясында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою жоспарлануда.