«Алтай – түркі әлемінің бесігі» атты жобаның мақсаты – көшпенділердің технологиялық дамуына және түркі әлемінің қалыптасуына негіз болатын Еуразия өркениетінің орталығы ретінде Алтай туралы білім кешенін қалыптастыруға бағытталған тарихи сананы жаңғырту.

2018 жылдың 13 желтоқсанында  сағат 9-00-де Серікбаев көшесі, 19 орналасқан ШҚМТУ-дың бас ғимаратындағы  колонналық залда «Алтай – түркі әлемінің бесігі» атты ғылыми-практикалық конференцияның ауқымды жобасының  ашылуы өтеді.

Конференция Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетаұлы Ахметовтың қатысуымен өтеді.

Конференция аясында мастер-класстар өткізіледі, сонымен қатар «Үлкен Алтай» мұражайының таныстырылымы өтеді. Іс-шара қорытындысы болып материалдар жинағы шығарылады.

Еліміздің көрнекті ғалымдары – конференцияның құрметті қонақтары, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында келтірілген ережелерді көрсете отырып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады:

  • Ғарифолла Есім ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор,  Ұлы даланың ғарыш пен уақыт туралы ережелеріне  философиялық түсінік береді.
  • Самашев Зайнолла Самашевич көптеген ғылыми археологиялық экспедициялардың көшбасшысы, Атыраудағы «Алтын адамды», Берел қорғанын (ШҚО) зерттеуші, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Даланың мәдениетімен және 2018 жылдың маусымында табылған ең жаңа артефактілермен таныстырып өтеді.
  • Таймагамбетов Жакен Кожахметович Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның ежелгі археологиясы саласындағы, ежелгі Орталық Азия мәдениетінің маманы, Ұлы даланың даму кезеңінің бірі атқа міну мәдениетімен таныстырады.
  • Абусеитова Меруерт Хуатовна ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор, тарих ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтына қарасты тарихи материалдарды зерттеудің Республикалық ақпараттық орталығының директоры, отандық және шетелдік қорлардың бастапқы дереккөздерін, мұрағаттық материалдарды зерттеу арқылы Ұлы дала тарихын зерттеу тәсілдерін ұсынатын болады.
  • Зайберт Виктор Федорович тарих ғылымдарының докторы, Ботай энеолиттік қонысын ашқан археолог, дала өркениетінің қалыптасуындағы Ботай мәдениетінің рөлі туралы әңгімелейді.

Крым Алтынбеков ежелгі көшпенділердің көптеген қару-жарақтарын, киімдерін және атрибуттарын қайта құрудың авторы, соның ішінде «Алтын адам», Берел жылқылары, Сарматтық көшбасшы, Сарматтық діни қызметкер, ҚР Көркемөнер академиясының академигі, соңғы табылған заттардың реконструкциясын ұсынады.

  • Дьячков Борис Александрович ҚР ҰҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Алтайдың минералды-шикізат ресурстарын Ұлы Дала технологиясын дамытудағы рөлі туралы әңгімелейді.
  • Ермолаева Антонина Сергеевна ҚР БҒМ А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, қола дәуірінің мәдениетімен және ежелгі темір кезеңіне өтумен, ежелгі металлургтердің қонысымен таныстырып өтеді.

Сонымен қатар, конференцияға шетелдік спикерлер қатысады: Кузьминых С.В., т.ғ.к., Ресей ғылым академиясының археология институтының жаратылыстану ғылымдары әдістемесі зертханасының ТНК, Эбель А.В., т.ғ.к., Таулы Алтай мемлекеттік университетінің қызметкері, Анкушев М.Н., РҒА ОБ Минералогия институтының қызметкері.

Конференцияға Алматы, Астана, Павлодар, Тараз, Арқалық, Семей, Алтай және Алтай өлкелерінің мектептері мен колледждерінің мұғалімдері, облыстық мұражайлар мен мұрағат қызметкерлері, студенттер, Тарих факультеттерінің оқытушылары қатысады.

Конференцияда тарих пәнінің оқытушылары мен мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ережелерін және  Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру және насихаттау жұмысына бағытталады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ