Студенттер Вроцлав қаласына академиялық ұтқырлық бойынша бара алады. Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Адриана Нацияжек, Вроцлав политехникалық университетінің халықаралық бөлімінің бастығы келді. Эразмус + бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу үшін және ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасауға тамаша миссиямен жол тартқан. Студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бойынша келісім шартқа қол қойды.
Кездесу соңында Адриана Нацияжекке университет ішінде экскурсия өткізілді.
Интернационализация және халықаралық ынтымақтастық департаменті